18.03.2021 _ 15:50

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 93% қызмет электрондық нысанда көрсетіледі – ҚР МҚІА төрағасының орынбасары

Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде трансформациялық көшбасшылар институты, оның ішінде «жаңа формация басшысы» бағдарламасы дамитын болады. мемлекет пен қоғам қатынасы «төрешіл» моделінен проактивті, сервистік және азаматтардың сұраныстарына ден қойғыш моделіне көшуі керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекеттік басқарудың жаңа моделі – тиімді, әділ, ашық, қоғам сұраныстарына жедел ден қоятын, «ең алдымен адамдар» және «халық үніне құлақ асатын» басты қағидаттары бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппарат болуы қажет.

 

«Бұл күрделі мәселені іске асыруда Агенттік тарапынан бірқатар шаралар іске асырылуда немесе жоспарлануда. Бүгінгі таңда Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 93% қызмет электрондық нысанда көрсетіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді одан әрі дамыту мақсатында бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы уәкілетті орган әзірлеген бұйрыққа сәйкес, Тізілімдегі электрондық қызметтер үлесі 94,4% құрайтын болады», - деді Д.Жазықбаев.


Спикер Президент бекіткен тұжырымдамада мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызметті алу адамдарға бағытталатынын атап өтті. Яғни, проактивті және композитті түрде көрсетілетін қызметтер жандандырылады. Қазіргі кезде проактивті нысанда 23 қызмет, композитті түрде 58 қызмет көрсетілуде.