18.03.2021 _ 16:05

Азаматтардың өтініштерін «басқаларға бағыттау» тәжірибесі 1 шілдеден бастап жойылады

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінсек, бізді басқа ведомствоға жіберді. Бұл мәселемен тағы 8 мемлекеттік орган айналысады екен. Неге азаматтар бюрократиялық әуре-сарсаңға түсуі керек, бір мемлекеттік органға басқа әріптестерінен жауап жинау оңай емес пе? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер осындай сұрақ қойды. Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жарқын Тілеукенов бұл мәселе мемлекеттік басқарудың қабылданған тұжырымдамасында қамтылатынын жеткізді.


«Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «ден қоятын мемлекет» құру, яғни тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар – Әділет министрлігі, Жоғарғы Сот, ЦДИАӨМ Президент Әкімшілігінің үйлестіруімен жаңа Әкімшілік іс жүргізу кодексін қабылдады. Сондай-ақ, «Е-өтініш» жүйесі әзірленуде, ол ХҚКО-лардағыдай «бір терезе» қағидатымен белгілі бір өтінішті шартты түрде айтқанда «жұмыстан босату» әдеттегі практикасын болдырмау үшін азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарауға мүмкіндік береді. Осы бір терезе бастапқы қандай да болмасын мәселені қарау үшін адресатқа таратады», - деп жауап берді спикер.


Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Ал 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.