18.03.2021 _ 16:10

Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бағыты бойынша азаматтық қоғамды тарту бойынша жұмыстар күшейтілді

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бағыты бойынша азаматтық қоғамды тарту жөніндегі жұмыстар күшейтілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев мәлімдеді.
иллюстративное фото с сайта baigenews.kz


«Агенттіктің аумақтық бөлімшелері жанынан бұрын құрылған ведомствоаралық жұмыс топтарының құрамы қоғамның белсенді өкілдерін қосу жолымен қайта қаралды. Мысалы, Алматы қаласында азаматтық қоғам қатарынан жұмыс тобы мүшелерінің 83,3% құрайды. Аумақтық департаменттер ВАЖТ мүшелерімен бірлесіп қоғамдық бақылау жүргізу жоспарларын әзірлеп, бекітті. Қоғамдық бақылау жүргізу кезінде әлеуметтік желілерде тікелей трансляция жүргізіледі. Аумақтық департаменттермен көрсетілетін қызметті берушінің жұмысын 14 критерий бойынша бағалауға мүмкіндік беретін ВАЖТ мүшелеріне арналған жадынама әзірленді», - деді Д.Жазықбаев.


Агенттік төрағасының орынбасары «Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бойынша ұсынылған тәсілдерді жүзеге асырудың нәтижесінде мемлекеттік қызметтің адами ресурстарының сапасы жақсаратынын, құндылықтары жоғары мемлекеттік қызметшілердің жаңа буыны қалыптасатынын, мемлекеттік қызметке жоғары білікті мамандарды тарту үшін жағдай жасалатынын, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және проактивтік қызмет көрсету аясы кеңейтілетінін атап өтті.