26.03.2021 _ 11:50

Сот дәрігерлерінің жалақысы 45% - ға артты

Мүдделі мемлекеттік органдармен ұзақ мерзімді жұмыс нәтижесінде еңбек жағдайлары үшін қосымша төлемдерді және медициналық қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс берушінің қаражаты есебінен зейнетақы жарналарын төлеуді көздейтін Үкімет Қаулысы қабылданды. Бұл еңбекқының 30-дан 45% дейін өсуіне әкелді. ОКҚ өткен брифингте Әділет министрі Марат Бекетаев осындай мәліметтерді жария етті.



Ресми мәліметтерге сәйкес, осы мақсаттарға республикалық бюджеттен жыл сайын 500 млн теңгеге жуық қаражат бөлінетін болады.


«Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді ұлғайту мақсатында дәрігерлердің жалақысын 2023 жылға қарай 2,5 есеге дейін ұлғайта отырып арттыру мәселесі пысықталуда. Әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында қызметкерлердің жұмыс қорытындыларын факторлық-балдық шкала бойынша бағалау жүйесі енгізілді», - деп хабарлады министр.


Жалпы алғанда, еңбекақыны кезең-кезеңімен арттыру сот сараптамасы органдарының 1166 медицина қызметкеріне қатысты болады.