26.03.2021 _ 13:50

1 сәуірде 1-сыныпқа келетін балалардың құжаттарын қабылдау басталады

1 сәуірде бірінші сыныпқа келетін балалардың құжаттарын қабылдау басталады. Мектеп алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы, яғни 6-ға толатын балаларды қабылдайды.

Құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсыруға болады. 

«Мектепке қабылдау барысында білім беру ұйымы оқуға қабылдау қағидаларында көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ. Ата-аналар электронды форматта өтініш, оқушының туу туралы куәлігін және баланың медициналық паспорты мен 2 фото тапсырады», - деді білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Ресми мәліметтерге сәйкес, 2021-2022 оқу жылы республика бойынша шамамен 340 мың бала 1 сыныпқа барады.