29.03.2021 _ 14:09

Көлік салығын есептеу автоматтандырылды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Салықтық әкімшілендіруді реформалау» жобасы шеңберінде «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесінің «жергілікті салықтар» кіші жүйесін әзірледі.
Көлік салығын есептеу автоматтандырылды фото с сайта freepik.com


«Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесінің көмегімен 2 жыл бойы көлік салығын есептеу жүргізілуде. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры Азамат Садықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атап өтті. 


Осы жылы МКК алдағы төлемдерді көлік салығын төлеу мерзіміне дейін алғаш рет жібереді. Көлік салығы бойынша алдағы төлемдерді есептеу кезінде ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің мәліметтері пайдаланылған. 


«МКК мен ІІМ ӘПК арасында көлік құралдары бойынша мәліметтер алу бойынша ведомстволық ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыс істейді», - деді А. Садықов.