29.03.2021 _ 14:36

Көлік жоқ, салық қарызы бар. Не істеу керек?

Өткен жылы мыңдаған қазақстандық осындай жағдайға тап болды. Мемлекеттік кірістер комитетіне түзетуге 9 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Бұл фактіні МКК департаментінің директоры Азамат Садықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында растады. Оның айтуынша, Әкімшілік полиция комитетімен бірге барлық деректер зерделеніп, талданды. Көп жағдайда мәселе көліктің сенімхат бойынша сатылуында немесе ұзақ уақыт бойы қайта ресімделмегенінде боғлан. Салық міндеттемелері кез келген жағдайда көлік құралының иесіне жүктеледі.
фото с сайта freepik.com

«Салық органдарының барлық есептеулері мен төленген сомалар салық төлеушінің дербес шотында көрсетіледі. Сонымен қатар, іс жүзінде азаматтар көлік құралын иеленудің соңғы жылы үшін салық төлейтін, бірақ алдыңғы кезең бойынша салықты өтемейтін жағдайлар жиі туындайды. Осылайша, салық берешегі өткен кезеңдер үшін болуы мүмкін. Салық толық төленбеген», - деп жауап берді ведомство өкілі.


Айта кетейік, деректерді «E-Salyq-Azamat» мобильді қосымшасынан тексеруге болады. 


Жыл басынан бері бұл қызметті 400 мыңнан астам салық төлеуші пайдаланған. Сонымен қатар, салық бойынша барлық төлемдердің 90%-ы цифрлық форматта келеді.