29.03.2021 _ 15:45

Халықты вакцинациямен кеңінен қамту мақсатында шаралар қабылданады

Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына халықты вакцинациямен кеңінен қамтамасыз етудің негізгі шараларына арналған бірқатар өзгертулер енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен сараптамалық брифингте ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Бұл ретте коронавирустық инфекцияның алдын алудың ең тиімді және ең озық әдісінің бірі вакцинация болып табылады. Бүгінде вакцинаның бірінші дозасымен қамтылған азаматтар саны 122 701 құраса, 31 422 адам вакцинаның екінші дозасын алды. Осы айда елімізге ресейлік «Спутник-V» вакцинасының тағы 150 мың дозасы әкелінеді.
фото с сайта freepik.com

«Қазақстанда бүгінде КВИ жұқтырудың 241 873 зертханалық дәлелденген жағдайы анықталса, оның 1492 жағдайы бүгінгі күнгі көрсеткіштер. 50433 - лабораториялық дәлелденбеген жағдай. Оның ішінде лабораториялық жағдайлар арасында 3014 адам, пневмония салдарынан 682 адам көз жұмған», - деді спикер.


А.Қуатбаеваның айтуынша, Қазақстанда КВИ циркуляциясын анықтау мақсатында және тәуекел топтар арасында қандай қауіп барын анықтау мақсатында зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл экспресс ПТР скрининг әдісі енгізілді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Алматыда науқастар арасында оңтүстікафикалық және британдық штаммдар тіркелді. Бұл ретте маман мутацияға ұшыраған вирус болсын-болмасын, оны жұқтыру қабілеті жоғары, сондықтан халықты әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол жуу сияқты қарапайым сақтық шараларын сақтауға шақырды.