29.03.2021 _ 17:40

Елордада төсек-орындар жүктемесі 74%-ды құрайды – Т.Мұратов

Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекция бойынша бүгінгі жағдай тұрақсыз, індеттің өршуі бойынша елорда әлі де қызыл аймақта. Инфекцияны жұқтырып алу 25%-ға өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады. Оның айтуынша, пандемияның өршіген шағымен салыстырғанда, эпидемиологиялық жағдай өткен жылдың жаз айларына ұқсас болып келеді.
фото с сайта freepik.com

 


«Қазаргі уақытта науқаста ауыр және өте ауыр хәлде түсіп жатады. Әсіресе, бұл қарт, және 40 пен 60 жас аралығындағы адамдар. Бүгінге сәйкес КВИ анықталған жаңа 623 жағдай тіркелген. Төсек орындардың жүктемесі 74%-ды құрайды. Сондай-ақ, жан сақтау бөлімінде ем қабылдайтын науқастардың саны артқанын айта кеткен жөн. Қазіргі уақытта  бұл бөлімде 66 науқас жатыр», - деді Т.Мұратов.


Оның сөзінше, COVID-19 бар науқастардың өсімі наурыз мейрамдарымнан кейін байқалды. Бұл санитариялық нормаларды сақтамай, адамдар көп шоғырланған орындарға бару, карантиндік режимнің бұзылуымен байланысты болған.