29.03.2021 _ 17:50

Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда

Бүгінде бірінші компонент бойынша 10 861 адам вакцинациядан өтті, екінші компонент 3 024 адамға салынды. Оның ішінде медициналық қызметкер - 4 836, мұғалімдер – 1 945, созылмалы аурулары бар адамдар – 1 071, құқық қорғау органдарының қызметкерлері – 1 207, басқа топтағылар – 1 802. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов осындай мәліметтерді жария етті.


«Екпе алғаннан кейін денсаулықтың қатты асқыну жағдайлары болған жоқ. 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында бірінші және екінші компоненттерге арналған 2 вакцинация бөлмелері, вакцинациядан кейін пациенттерді бақылауға арналған күту бөлмелері тұрақты режимде жұмыс істейді», - деді басқарма басшысы.


Сонымен қатар, барлық емханаларда тоңазытқыш қондырғылары, вакциналарды қоймадан екпе салу мекеніне тасымалдауға арналған термиялық контейнерлер бар. Вакциналар барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай сақталады.