«Симптомсыз немесе коронавирустың жеңіл түрлерімен ауырғандарға тағы бір рет вакцинация жасау ұсынылады. Қазір біз вакцинаның бір дозасы туралы айтып отырмыз. Бір доза жеткілікті болуы мүмкін. Осылайша, сіз иммундық реакцияны одан әрі ынталандырасыз, ағзадағы антиденелер, иммундық жад жасушалары көбірек болады. Еске сала кетейін, антиденелер деңгейінің төмендеуі иммунитет жоғалады дегенді білдірмейді. Ағза - бұл антиденелерден басқа, коронавирустан қорғайтын көптеген иммундық механизмдері бар ерекше құрылым», - деп түсіндірді профессор.
Сонымен қатар, ол әлеуметтік желілерде вакцинадан инфекция жұғатыны туралы көп таратылатын өсек-аяңға қатысты пікірін білдірді.
«Вакцина жасатқан кезде вирустың өзі емес, тек иммундық реакцияны ынталандыратын компонент қана егіледі. Ал егер біреу біреумен сөйлесіп, коронавирус жұқтырса, одан кейін екпе жасатып, ауру өршісе, бұл басқа. Өкінішке орай, көбі ауру вакцинадан туындады деп ойлайды. Олай емес. Мұндай көзқарас дұрыс емес. Әлеуметтік желілерде көбі бұл мәселені талқылайтынын көріп жүрмін. Вакцинаның өзі ауру тудырмайды, бұл тек қатар жүруі мүмкін», - деп қорытындылады Шарман.