«ҚазАгроҚаржы» АҚ ақпараты бойынша, 24 млрд теңге сомасына 1112 бірлік техника қаржыландырылды, оның ішінде отандық өндіріс техникасына сұраныс бар. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мәлімделген көлемде қаржыландырумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Техниканы дайындау жоспарлы режимде жүзеге асырылады. Жаппай жұмыс жүргізу алдында техниканың дайындығы 100% құрайды. Егіс жұмыстарын жүргізуге Энергетика министрлігімен келісім бойынша 380 мың тонна дизель отыны бөлінді. Қазіргі уақытта облыс операторлары МӨЗ-бен шарттар жасасу және диқандар үшін дизель отынын жөнелту рәсімдерін жүргізуде. Фермерлер үшін баға жанар-жағармай құю бекеттеріне қарағанда 15-20 теңгеге төмен немесе литріне орта есеппен 165 теңге болады деп күтілуде», - деді спикер.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін салалық қаржы институттарымен бірқатар бағдарламалар қарастырылған.