30.03.2021 _ 12:45

Мемлекет басшысының тапсырмасымен суармалы жер көлемі ұлғайтылады - АШМ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен суармалы жерлер көлемін 2030 жылға дейін кезең-кезеңмен 3 миллион гектарға дейін ұлғайту көзделген. Осы бағытта ҚР АШМ бірқатар шараларды қолға алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті, мелиорация басқармасының басшысы Медет Жәдігерұлы мәлім етті.

«АШМ облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жаңа жерлер көлемін анықтау, осы жерлерді пайдаланатын жер пайдаланушыларды және осы жерлерге суармалы жүйелер алатын инвесторлар тізімін әзірледі. Сондай-ақ, осы жерлерде өсірілетін қандай да бір дақылдардың құрылымын анықтады. Атап айтқанда, өткен жылы суармалы жерлер көлемі тәлімі жерлерді игеру бойынша 26,5 га ұлғайды, оның 24,5 га Павлодар облысында, 1000 га - Қызылорда облысында және 800 га - Алматы облысында орналасқан», - деді басқарма басшысы.


Спикердің айтуынша, алдағы уақытта бұл жерлерде азықтық, дәнді, көкөніс, бақша дақылдары егіледі.