30.03.2021 _ 14:30

Электр есептегіш құралдарды ауыстыру жағдайлары электр энергиясын пайдалану қағидаларында көрсетілген

Жарық беруші компаниялар тарапынан электр есептегіш құрал жұмыс істеп тұрғанның өзінде оны ауыстыруды талап етеді. Жаңа пәтер иесіне цифрлық құрылғы орнатуға мәжбүрлеу жағдайлары да кездеседі. Жалпы электр есептегіш құралдың түрін кім бекітеді және оны неше жылда ауыстырып отыру қажет? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлерге журналистер осындай сауал жолдады. ҚР ЭМ электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаевтың айтуынша, бұл мәселе Электр энергиясын пайдалану қағидаларында толық көрсетілген.
Электр есептегіш құралдарды ауыстыру жағдайлары электр энергиясын пайдалану қағидаларында көрсетілген фото с сайта freepik.com

«Әрбір электр есептегіш құралын тексеру интервалы бар. Ол ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз ету реестрінде толық көрсетілген. Мысалы, электр беруші ұйым тексеріс барысында электр есептегіштің ақаулығын көретін болса, тұтынушыға ұйғарым беріп, электр есептегіш құралды тексеруге жібереді. Тексеріс нәтижесінде, құралдың жұмыс істеп тұрғаны анықталса, онда тексеруге жұмсалған қаражатты электр тасымалдаушы компания өз мойнына алады, яғни өзі төлейді. Ал егер электр есептегіштен ақауы табылса, тұтынушы оны өз қаражатына ауыстыруға тиіс. Бұл туралы Электр энергетикасын падлану қағидаларында жазылған», - деді спикер. 


Автоматтандырылған электр есептегіштерге тоқталған ол, әрбір энергия беруші тасымаладушы компания өздерінің инвестициялық бағдарламаларында цифрландыру мәселесін қамтып, осы бағытта жұмыс істейтінін атап өтті. Егер тұтынушы пайдаланып отырған электр есептегіш құралды автоматтандыылған есептегіш құралға ауыстырмақ болса, оны энергия тасымалдаушы мекеменің бағдарламасы арқылы жүзеге асырады. Ал абонент электр желілеріне жаңадан қосылатын болса, ол электр тасымалдаушы мекеменің талабына сәйкес, автоматтандырылған электр есептегішін немесе жай құралды қоя алады.