30.03.2021 _ 17:00

Наурыз айында ҚР-да 16 мыңнан астам рейд өтті - А.Цой

Мониторингтік топтар, енгізілген шектеу шаралары мен ескертулеріне қарамастан, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамай жұмыс істеп тұрған объектілерді әлі де анықтауда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
фото с сайта Almaty.tv


Наурызда шектеу іс-шараларын, карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында 16 030 рейд жүргізілді, 102 966 нысан тексерілді, оның ішінде 2864 нысан әкімшілік шараларға қарамастан, белгіленген шектеу талаптарын, жұмыс режимін бұзуды жалғастыруда, бұқаралық іс-шаралар өткізуде. 3021 әкімшілік іс қозғалды», - деді А.Цой.


Мұндай объектілер Шығыс Қазақстан облысында - 838, Алматы қаласында – 775, Шымкент қаласында – 254 анықталды. 


Бүгінгі таңда елімізде карантиндік шараларды қасақана бұзған 512 адам анықталды, оның ішінде 22 - жеке тұлға, қалғаны – бизнес өкілдері.


Өңірлер бойынша Шымкент қаласы - 153, Нұр-Сұлтан қаласы - 63, Алматы қаласы - 56, Жамбыл облысы - 41, Қостанай облысы – 34, Павлодар облысы - 23 көш бастап тұр.