30.03.2021 _ 17:30

Елдің бас дәрігері КВИ вакцинасының компоненттері арасында ешқандай айырмашылық жоқ екенін түсіндірді

Вакцинаның бірінші компоненті - Ресейде өндірілген, екіншісі – Қарағандыда жасалған. Соңғысынан кейін адамдар әлсіздік сезінген. Бұл вакциналарды осылай араластыруға бола ма? Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, бірінші және екінші дозадан кейін асқынулар мен айырмашылықтар байқалмады. Асқынулар болған жоқ. Ағзадағы күтілген реакциялар ауырсыну, екпе жасатқан күні температураның шамалы көтерілуі түрінде болды. Бұл вакцинацияланғандардың шамамен 1% байқалды.

 

«Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасы және Қарағанды фармзауытында шығарылған вакцина – бірдей субстанция. Бізде растайтын құжаттар бар, оны өндіру бойынша да. Зерттеудің сипаттамалары мен параметрлері бірдей. Әрбір партия Қазақстан ішінде өндірілгеннен кейін РФ-да қауіпсіздікке қосымша тексеруден өтеді. Құтылардан бастап, құрамындағы субстанция, құю желісі де бірдей», - деді Цой.