31.03.2021 _ 16:30

«QAZVAC» – «QAZCOVID-IN» коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның саудалық атауы

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинасы туралы айтылды. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленовтің айтуынша, өткен жылы вакцинаны әзірлеуді Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына тапсырған. Qazcovid-in ретінде танымал, ал жалпы қолданыс үшін қарапайым – «Qazvac» жаңа сауда атауына ие болды.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылы «QAZVAC» сауда атауы кезінде «QAZCOVID-IN» атауын алған коронавирустық инфекцияға қарсы белсенділігі жойылған вакцинаны әзірлеумен белсенді айналысты. Вакцинаны клиникаға дейінгі зерттеу ДДСҰ талаптарына сәйкес жануарлардың әртүрлі типтерінде жүргізілді. Осы зерттеулердің нәтижелері ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына берілді. Осыдан кейін клиникалық сынақтар жүргізуге рұқсат алынды», - деді спикер.


КВИ-ға қарсы вакцина тиісті сараптамадан өткен және қаржыландыру үшін Ұлттық ғылыми-техникалық кеңес мақұлдаған ғылыми-техникалық бағдарлама шеңберінде әзірленген. Қазіргі уақытта тағы бірнеше бағдарламалар мен вакциналар осы кеңестің қарауында.


Вице-министр атап өткендей, кадр мәселесі де шешілуде.

«Вирусология бағыты бойынша осы институт әл-Фараби Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, 1 қыркүйектен бастап вирусологтарды даярлау бойынша арнайы бағдарлама іске қосады. Бағдарлама ғылыми кадрларды даярлауға бағдарланатын болады және диссертациялық Кеңес ЖОО-да емес, нақ осы институттың базасында орналасатын болады. Себебі оның тиісті ғылыми әлеуеті мен материалдық-техникалық базасы бар. Өткен жылы зертханалық жабдықтарды сатып алуға ақша бөлінді. Мұндай бұрын болмаған, ол шетелден әкелінді және бірегей болып табылады»,-деп атап өтті Дәуленов.