02.04.2021 _ 11:40

Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Аутизм - үкім емес

БҰҰ шешіміне сәйкес, 2008 жылдан бастап 2 сәуір күні әлемде аутизммен ауыратын балалар мен ересектердің проблемаларына қоғам назарын аудару және олардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін жағдай жасауға үндеу мақсатында Аутизм туралы ақпарат тарату күні аталып өтіледі. Балалық аутизм – бұл 3 жасқа дейінгі жастық кезеңде білінетін, ауытқымалы және/немесе бұзылған дамудың болуымен, әлеуметтік өзара іс-қимыл, қарым-қатынастың және шектеулі, қайталанатын мінез-құлықтың барлық үш саласында ауытқымалы қызмет етуімен айқындалатын дамудың жалпы бұзылуы. Аутизм спектрінің бұзылуының (АСБ) себептері туралы бірыңғай тұжырымдама жоқ. Қазақстанда және бүкіл әлемде сырқаттанушылықтың өсуінен, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдарының белсенді өзара іс-қимыл жасау қажеттілігіне байланысты АСБ аса өзекті болып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ДСМ ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Олжас Искаков баяндады.
Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Аутизм - үкім емес

«АСБ бар балаларға тиімді көмек көрсету үшін түрлі ведомстволар мынадай міндеттерді іске асыру бойынша келісуі қажет: медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, кейіннен абилитациямен және оңалтумен ерте диагностиканы қамтамасыз ету; білім беру, әртүрлі сипаттағы қызметтерге қол жеткізу, жұмысқа орналастыру, тіршілікті қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау және көмек көрсету, бейімдеу және т.б. мәселелерін шешу; АСБ-мен ауыратын адамдарға күтім жасайтын адамдардың стигмасын азайту және мүмкіндіктерін арттыру. Аталған іс-шаралар Премьер-Министрдің 2020 жылғы 17 тамыздағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин бастамашылық еткен өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасында мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасында қарастырылған», - деп атап өтті спикер.


Жол картасын жүзеге асыру үшін жұмыс тобы бекітілді. Сонымен қатар, ведомство қолжетімді көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізді. Қалалық, облыстық деңгейдегі 17 психикалық денсаулық орталығы жұмыс істейді. Соңғы екі жылда қалалық амбулаториялық-емханалық ұйымдар деңгейінде 74 алғашқы психикалық денсаулық орталығы ұйымдастырылды; ауылдық деңгейде психикалық денсаулық кабинеттерінің желісі 219-ға дейін кеңейтілді; балаларға арналған күндізгі стационардың 65 төсек-орынға арналған 3 бөлімшесі ашылды; Қарағанды облысында және қалада, сондай-ақ, Шымкент қаласында ауысымына 90 келушіге, сондай-ақ тәулік бойы болу үшін 15 орынға арналған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік оңалтудың екі бөлімшесі ашылды.