02.04.2021 _ 11:50

Сараптамалық қолдау. Денсаулық сақтау министрлігі аутизммен ауыратын балалармен жұмыс істейтін мамандар санын көбейтуде

Аутизмі бар балаларға арналған 20 стационарлық бөлімшеде 500-ден артық төсек-орын дайындалады. Бірақ ауруханаға жатқызылған балалар санының 20%-ға төмендегені байқалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Олжас Искаков жағдайды түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, ауруханаға жатқызу көрсеткішінің азаюы әлеуметтік медициналық сараптама (ӘМС) ресімдеу кезінде тексеруге, балаларға арналған стационарды алмастыратын көмекті күшейтуге және жеке емдеу тәсіліне байланысты. Бұл ретте анықталатын пациенттер санының өсуі және контингенттің ұлғаюы ескерілген.
фото с сайта freepik.com


Кадрлық мәселе де маңызды.


«Денсаулық сақтау ұйымдарында балалар психиатрларының саны 65-тен 97-ге дейін, яғни 49% - ға артты. Денсаулық сақтау министрлігі соңғы екі жылда «психиатрия» бағыты бойынша бюджеттік гранттардың санын көбейтті. 2021 жылы 150-ден астам резидент шығарылады деп күтілуде, олардың 20%-дан астамы балалар психиатриясы саласында жұмыс істеуді жоспарлап отыр. 2019-2020 жылдар аралығында алғашқы медициналық-санитарлық желі мен психикалық денсаулық қызметінің 1592 маманы, ал 2021 жылдың 1-ші тоқсаны кезеңінде аутистік спектрдің аурулары бар балаларды ерте диагностикалау мәселелері бойынша, оның ішінде шетелдік оқытушылардың қатысуымен 112 маман оқытылғанын жеке атап өткім келеді», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.


Сондай-ақ, 2020 жылы 162 маман үшін халықаралық сарапшылардың қатысуымен 4 вебинар өткізілді.


Қазіргі уақытта алтын стандарт болып табылатын диагностиканың заманауи әдістерін енгізу, АСБ бар балаларға жалпы көмек көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.