02.04.2021 _ 12:10

Аутизмі бар балаларға медициналық көмек көрсетудегі өзгерістер

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы үкіметтік емес ұйымдардың серіктестерімен бірлесіп ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының қолдауымен дамуында кемістігі бар және артта қалған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған ДДСҰ бағдарламасын (CST) енгізуде. Оны іске асыру кезеңдеріне материалдарды бейімдеу, мастер-тренерлерді даярлау, өңірлерде мамандарды оқыту, ата-аналарды оқыту кіреді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында орталықтың бас директоры Николай Негай мәлімдеді.
фото с сайта freepik.com

«Бағдарламаның мақсаты және күтілетін нәтижелер ата-ана мен баланың оңтайлы өзара іс-қимылын дамыту, балалар-ата-ана қатынастарын нығайту; бірлескен тартымдылық пен өзара қарым-қатынасты дамыту; мінез-құлықты басқару дағдыларын жақсарту арқылы жағымсыз мінез-құлықты азайту; бейімделу дағдыларын дамыту және отбасы өміріне қатысу; стрессті басқару дағдыларын дамыту, проблемаларды шешу және жалпы ата-аналардың әл-ауқатын жақсарту болып табылады. Қазіргі уақытта халықаралық сарапшы ретінде каскадтық оқыту үшін мастер-тренерлер оқытылуда», - деді спикер. 


Ол сондай-ақ АСБ бар балаларға медициналық көмек көрсетуде көрсетілген өзгерістер нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізбей жүзеге асырылмағанын атап өтті. Нақтырақ айтқанда, амбулаториялық деңгейде психофизикалық даму скринингі, бастапқы медициналық-санитариялық желі дәрігерлерінің алдын ала диагностикасы, қалалық деңгейдегі емханаларда және ауылдық деңгейдегі психикалық денсаулық кабинеттерінде, яғни тұратын жерінде бастапқы психикалық денсаулық орталықтарын ұйымдастыру бекітілген. Стационарларға және оларды алмастыратын ұйымдарға жатқызу жағдайларының икемділігі қамтамасыз етілді.