02.04.2021 _ 13:45

Көлеңкелі тауар айналымының жолын кесу үшін пәрменді шара

ТІЖ енгізу көлеңкелі тауар айналымының жолын кесу үшін пәрменді шара болып табылады, себебі жалған жүк алушыларға, банкроттарға және таратылған тұлғаларға ТІЖ ресімдеу мүмкіндігі болмайды. ТІЖ сондай-ақ жалған транзит фактілерінің алдын алуға ықпал ететін болады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында атап өтті.

2019 жылы ҚҚС төлеуден жалтару мақсатында жалған жүк алушыларға тауарлар импортын ресімдеу автокөлік құралдарының жалпы санының 16% - ын құрады немесе әрбір 6 автомашина бойынша ҚҚС төленбеді. 2020 жылы транзитті мәлімдеген 81,7 мың АКҚ-ның 9,3 мың АКҚ (11%) ҚР аумағында жанама салықтарды төлемеді, олар бойынша залал 4,6 млрд теңгені құрады.


«Мысалы, 2020 жылғы 4 қыркүйекте тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде АӨП-ні РФ-дан Қырғыз Республикасына транзитпен кесіп өту кезінде бұрын жалған транзиттің 3 фактісін жасаған тасымалдаушы анықталды. Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында ҚР-да тауарды нақты алушы анықталды және 774 мың теңге сомасында ҚҚС төлеу қамтамасыз етілді», - деп хабарлады спикер. 


Сондай-ақ, ҚҚС төлеуден жалтару схемаларының бірі жалған алушыларға тауарға ілеспе құжаттарды ресімдеу болып табылады. 2020 жылы жалған алушылардың атына тауарларды әкелудің 664 фактісі анықталды, олар бойынша залал 332 млн теңгені құрады.


«Мысалы, 2020 жылы «БАНАНА ХИТ» ЖШС жалпы құны 483 млн.теңгеге 235 АКҚ-ға тауарлар импорттады. Аталған кәсіпорынның басшысы тауарлар импортына қатысы жоқтығы туралы түсініктеме берді. Шығын 58 млн теңгені құрады», - деп толықтырды Ж.Іңкәрбаев.


Айта кетейік, шағын орта кәсіпкерлікті салық салудан толық босатылғанына қарамастан, көлеңкелі айналымдардың үлесі елеулі болып қалатынын атап өткен жөн. Оған дәлел онлайн-бақылау-кассалық машиналарды қолданбау және чектерді басып бермеу болып табылады.