02.04.2021 _ 13:40

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бірқатар құжатты алмастырады

Құжаттарды цифрлау шеңберінде салық заңнамасын орындау үшін тауарларға ілеспе жүкқұжаттар енгізілуде, олар келешекте басқа құжаттарды алмастырады. Атап айтқанда, акцизделетін тауарларға ілеспе жүкқұжаттар, тауарларды тарапқа беруге арналған жүкқұжат, тауар-көлік жүкқұжаты, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев хабарлады.

 


ТІЖ толығымен электронды түрде рәсімделетіндіктен, қағаз құжат айналымы болмайды. Тиісінше, қағазға, принтерлерге жұмсалатын шығындар, қағаз құжаттарын сақтауға арналған мұрағаттарды жеткізуге және ұстауға жұмсалатын шығындар азаяды. Цифрлық шешімнің басты артықшылығы - уақытты үнемдеу.


«ТІЖ енгізілуімен ЕАЭО шеңберінде жүк айналымы жеделдетіледі. Көлік құралдары шекара арқылы жеделдетілген тәртіппен өтетін болады, себебі құжаттардың қағаз көшірмелерін сканерлеу қажеттілігіне байланысты болмайды», - деп хабарлады Ж.Іңкәрбаев.