02.04.2021 _ 14:00

Бөлшек сауда дүкендеріне Виртуалдық қоймалар жасау керек емес

Тауарлардың бөлшек саудасымен айналысатын салық төлеушілер, оның ішінде «үй жанындағы дүкендер» үшін тауарларға ілеспе жүкқұжат бойынша заңнамада ерекше ережелер белгіленген. Мұндай салық төлеушілер ешқандай Виртуалдық қоймалар жасамауы керек. Олар тек сатып алынған алкоголь өнімдеріне немесе темекіге арналған ТІЖ растайды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Мұндай рәсімді Play MARKET-те қолжетімді ЭШФ АЖ тегін мобильді қосымшасының көмегімен жүзеге асыруға болады.
Ол үшін мобильді қосымша бар, ал бейнесабақтар түріндегі Пайдаланушы нұсқаулығы ведомствоның сайтында орналастырылған. Қалған тауарлар бойынша алынған өнімді растау талап етілмейді.


«Тауарларды өткізу бойынша онлайн-БКМ чектерін басып беру қажет. Мұндай өткізулер үшін ТІЖ ресімдеу талап етілмейді. Мұндай салық төлеушілердің Виртуалдық қоймасында онлайн-БКМ чектері бойынша өткізілген тауарларды есептен шығармау заңнаманы бұзу болып табылмайды», - деді Ж.Іңкәрбаев.