02.04.2021 _ 15:50

Пандемияға қарамастан индустриялық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң үрдіс тіркелді

Индустрияландырудың үшінші бағдарламасын жүзеге асыру 2020 жылы басталды. Пандемияның салдарына қарамастан, өткен жылдың қорытындысы индустриялық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң үрдіс байқалады. Еңбек өнімділігі 4,4%, инвестициялар 3%, қосымша құны жоғары өнімдер экспорты 4,9% өсті. Жалпы, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша 3,9% өсіп, кәсіпорындар 13,1 трлн теңгеге өнім шығарды, бұл индустрияландыру басталғанға қарағанда 4,4 есе көп. ҚР ИИДМ өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Лаура Садыкова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай мәліметтерді жария етті.

 Жалпы, Бағдарламаны іске асыру 2025 жылға қарай еңбек өнімділігінің өсімі 1,6 есе; өңдеу өнеркәсібі экспорты көлемінің өсімі 1,9 есе, негізгі капиталға тартылған инвестициялардың нақты өсуі 1,6 есе болады деп күтілуде. 


«Өзгертілген жағдайлар мемлекеттік саясатты іске асыруда жаңа тәсілдерді ұсынуды қажет етеді. Осы жылдың басында еліміздің 2025 жылға дейінгі  Ұлттық даму жоспары қабылданды. Онда еліміздің жаңа экономикалық бағытының негізгі міндеттері мен параметрлері, оның ішінде отандық өнеркәсіпті дамыту бағыттары анықталған. Ол, отандық кәсіпорындардың дағдарыстан кейінгі жаңа шындыққа бейімделуін, бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру үшін жағдайлар жасау болып табылады», - деді Садықова. 


Оның айтуынша, ағымдағы жылы қабылданған жаңа Мемлекеттік жоспарлау жүйесін ескере отырып, Индустрияландыру бағдарламасын Ұлттық жобаға қайта форматтау бойынша жұмыс басталды. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен міндеттері сақталады.