07.04.2021 _ 11:50

Ағымдағы жылы табиғи сипаттағы ауқымды су тасқыны күтілмейді

Биыл 2015 және 2017 жылдардағыдай табиғи сипаттағы ауқымды су тасқыны қаупі жоқ. Бірақ, температуралық фонның күрт артуы және қатты жауын-шашын кезінде Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында ішінара су басу көріністері болуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлімдеді.

Жалпы, өткен жылдардың тәжірибесіне сүйене отырып, Республикалық меншіктегі гидротехникалық нысандарды тасқын суларды өткізуге дайындау және тасқын судан болатын залалды болдырмау мақсатында министрлік бірқатар шаралар қабылдауда.

«Су ресурстары комитетінде 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне арналған су тасқынына қарсы комиссия құрылды. Осындай комиссиялар «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның филиалдарында құрылған. Гидротехникалық нысандарды пайдалану қағидаларына сәйкес, әрбір су қоймасы үшін су қоймаларын толтыруға және күтілетін түсімдерге байланысты су тасқынын өткізу кестесі әзірледі. Су тасқыны кезеңі басталғанға дейін тасқын суларды жинақтау және қарқынды су тасқыны кезіндегі маневрлік үшін су қоймаларындағы бос сыйымдылықтар қоры қамтамасыз етілді», - деді вице-министр.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күні ірі су қоймаларының орташа толымдылығы 70-75% құрайды. Үлкен тасқын сулар келген жағдайда олар транзиттік режимде жұмыс істейтін болады.