Синоптиктердің болжамыша, апта соңына дейін еліміздің кейбір өңірлерінде күн жылынады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында күндізгі температура +15+20 градусқа, кейбір жерлерде +23 градусқа дейін көтерілсе, түнде -5-тен +3-ке дейін болады деп күтілуде. «Қазгидромет» РМК гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлының айтуынша, бұл жағдай қардың еруін одан ары күшейтіп, мұзды құбылыстардың әлсіреуіне және су деңгейлерінің көтерілуіне септігін тигізеді.
иллюстративное фото с сайта 365info.kz
«Бұл ретте сақтық шараларын күшейтіп, су тасу қаупінің алдын алу қажет. Ауа температурасына тоқталсақ, сәуір айының 2-ші және 3-ші онкүндігінде аталған аймақтарда ауа температурасы көтеріледі, күндіз +5+15 градус болса, түнде +10 градус шамасында болады деп күтілуде. Бірақ сәуірде ауа райының құбылмалы болатынына байланысты кейбір күндері ауа райы күрт суытып кетуі ықтимал. Айталық, күндізгі температуралар +3+8 градусқа дейін төмендесе, түнде 0-9 градус шамасында болады», - деді Дидар Жәнібекұлы.