08.04.2021 _ 15:50

Діни дәрістер мен Ораза айттың онлайн бағдарламасы дайындалды – Бас мүфти

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат, сұрақ-жауап жұмыстарын онлайн режимде жүргізуді жалғастырады. Құран хатым жасау рәсімдері де қашықтан оқылады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы ОКҚ өткен брифинг барысында мәлім етті.

«Рамазанда бір ай бойы жалғасатын діни дәрістердің, қасиетті Қадір кешінің, ұлық мейрам - Ораза айттың онлайн бағдарламасы дайындалды. Интернет желісі арқылы сұраққа жауап алып, онлайн насихат тыңдап, үйден шықпай сауапты амалдарға ортақтасуға болады. Біз қазіргі жағдайды ескеріп, өткен жылы жүзеге асырған жобамыз бойынша пітір садақасы мен зекетті онлайн режимде берудің оңтайлы жолын тағы ұсынып отырмыз», - деді Наурызбай Қажы. 


ҚМДБ хабарлауынша, ауызашар және қайырымдылық шаралары жоспарға сай жүреді.