13.04.2021 _ 16:00

Дербес деректер бойынша түзетулер жобасы ашық НҚА порталында және Министрліктің сайтында қайта жарияланды. Әркім өз пікірін білдіре алады – Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында дербес деректерді қорғауды күшейтуді және ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді тапсырды. Құқық қолдану практикасы барысында анықталған аса өткір проблемалар мен саланың ағымдағы жай-күйін ескере отырып, дербес деректер бойынша түзетулер жобасы әзірленді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді.

Оның айтуынша, түзетулердің негізгі бағыттары ретінде дербес деректерді қамтамасыз ету Сервисін енгізу; заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау саласына жатқызу; келісімсіз жалпыға қолжетімді ресурстардан алынған дербес деректерді жинауға және таратуға тыйым салу айқындалды.


«Азаматтарға дербес деректерді пайдалануға рұқсат беру немесе оған қол жеткізуден бас тарту арқылы оларды пайдалануды бақылауға мүмкіндік беретін дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Сервисін енгізу. Сервис сондай-ақ азаматтарға деректеріндегі іс-әрекеттерді қарауға, оған жүгінген кезде хабарлама алуға, «ұмыту» құқығын пайдалануға мүмкіндік береді. Былайша айтқанда, Сервис азаматтар үшін құралға айналады, оның көмегімен олар өздерінің дербес деректеріне қатысты өз құқықтарын іске асыра алады, сондай-ақ дербес деректерді жинау мен сақтаудың заңдылығы мен ашықтығы қағидаттарын қамтамасыз етеді», - деп сендірді спикер.


Дербес деректердің тиісінше қорғалмағаны, оларды жинаудың негізділігі мен заңдылығы тұрғысынан профилактикалық іс-шаралар, жоспарлы тексерулер жүргізу үшін дербес деректердің осы саласын мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын салалардың тізбесіне енгізу қажет. Сондай-ақ Интернетте жарияланған дербес деректерді жинауға және пайдалануға тыйым салу, оларды интернет-ресурстардан жаппай шығарып алу және егер азамат осы әрекеттерге өз келісімін бермесе, пайдалану ұсынылады.
Айта кетейік, түзетулер қоғамнан келіп түскен ұсыныстар негізінде әзірленгенді.


«Біз екі ай бұрын дербес деректерді қорғау және азаматтардың құқықтарын кеңейту саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жинаудың басталғаны туралы жарияладық. Сонымен қатар, Комитет әзірлеген түзетулер пакеті Ашық НҚА порталында жария талқылау үшін орналастырылды. Осы уақыт ішінде 40-қа жуық ұсыныс келіп түсті, осыған байланысты біз барлық азаматтар мен бизнес субъектілеріне белсенділік танытқаны және сындарлы ұсыныстары үшін алғыс білдіреміз. Дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтары мен бизнес мүдделері арасындағы теңгерімсіздікке жол бермеу мақсатында түзетулер жобасы бизнес қоғамдастық өкілдерімен және сарапшы-құқық қорғаушылармен әртүрлі алаңдарда талқыланады. Жоба пысықталып, ашық НҚА порталында және Министрліктің сайтында қайта орналастырылды.

Осылайша, ниет білдіргендердің барлығы онымен танысып, өз пікірлерін білдіре алады», - деді комитет басшысы қазақстандықтарды осы мәселеде белсенділік танытуға шақыра отырып. Өйткені, бұл біздің әрқайсымызға, біздің құқықтарымыз бен қауіпсіздігімізге қатысты салалардың бірі.