14.04.2021 _ 09:55

Әлеуметтік әділдік қағидасы сақталады: бірінші кезекте кім тұрса, сол бірінші болып жеңілдікті қарыз алу мүмкіндігіне ие болады

«Отбасы банк» үшін 2020 жыл атаулы жыл болды. Бұл қоныс тойын тойлау, азаматтардың жинақтарын жандандыру және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағыты (Шаңырақ «5-10-20» пилоттық жобасы) бастау алған жыл болды. 5% мөлшерлемемен тұрғын үй сатып алу, ең төменгі бастапқы жарна 10% және әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін қарыз мерзімі 20 жылға дейін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте банк басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы, оның аясында «Отбасы банк» желісі бойынша қазақстандықтарға 305 млрд теңгеге 36 069 қарыз берілді, оның ішінде тек 2020 жылы - 100 млрд теңге сомаға 10 759 қарыз берілді. 2021 жылдың 3 айында 3 727 отбасы қоныс тойын тойлады.

«Кеше «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды. Бізде 50 млрд теңге бар. Жоспарлы есептеулер бойынша бұл шамамен үш санаттағы 5 мың отбасы: көп балалы отбасылар, мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасылар. Дүйсенбі күні онлайн форматта өтінім беру мүмкіндігі ашылды. 19 833 өтінім қазірдің өзінде шарттарға сәйкес келеді. Жалпы 23 109 өтінім, 3276 өтінім басқа санаттарға берілді», - деді банкир.


Тұрғын үй иелері әр өңірде кезекке тұру күні бойынша таңдалады. Олар 2000-шы жылдардан басталады. Содан кейін олардың төлем қабілеттілігі бағаланады.


«Әлеуметтік әділдік қағидасы сақталады: кім бірінші кезекте тұрса, сол бірінші болып жеңілдікті қарыз алуға мүмкіндік алады. 15 млн теңге - Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, қала маңы аймақтарында, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында ең жоғары сома, қалған өңірлерде осы бағдарлама бойынша 10 млн теңге. Бұл өте ыңғайлы - жылжымайтын мүлікті қарыз алушы бастапқы және қайталама нарықта кезекке тұрған аймақта сатып алуға болады. Сатып алынған мүлікке ешқандай шектеулер жоқ. Сондай-ақ, біз «Шаңырақ» бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз, өткен аптада бізге 120 млрд теңгенің екінші траншы түсті. Бұл бағдарлама кезекте тұрған барлық санаттарға, соның ішінде «Бақытты отбасы» бағдарламасына сәйкес келмейтін және өтініш берген адамдарға арналған», - деп түсіндірді «Отбасы банк» басшысы.


Жоспар бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында 8 мыңға жуық пәтер «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысады, ақпарат baspana.kz сайтында жарияланады.