Оның айтуынша, құрылыс компанияларын бақылау МСҚБ бақармаларымен жүзеге асырылатындықтан, әкімдіктерге жүгінуге тура келеді.
Қазіргі кезде республика деңгейінде жүйелі шаралар әзірленді.
«Бірінші кезекте, цифрлық жүйені енгіземіз - оларға барлығы қосылған: техникалық қадағалау және МСҚБ басқармалары, болашақта барлық құрылыс компаниялары қосылатын болады. Бірінші кезеңде - бюджеттік жобалармен және бағдарламалармен жұмыс істейтіндер, екінші кезеңде - барлығы қосылады. Қазір кіріс бақылау, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау есебінің барлық журналдары жазбаша түрде жүзеге асырылады және осы журналды жүргізетін тар шеңберлі мамандардан басқа, оған басқа ешкім қол жеткізе алмайтыны түсінікті. Ал біз қандай ескертулер, талаптар келіп түсетінін осы порталда тіркелгенін қалаймыз. Оған құрылыс барысын бақылауды жүзеге асыратын мүдделі тұлғалар, құқық қорғау органдары жүйесі, сонымен қатар үлестік құрылыс бойынша ақша салған адамдар да қол жеткізе алады», - деп жауап берді ведомство өкілі.
Жұмыс барысы виодеоға және фотоға түсіріледі, олар үйге қызмет көрсету үшін сақталуы керек. Бұдан басқа, сапасыз жүргізілген жұмыстар үшін нарықтың барлық қатысушыларының жауапкершілігін күшейту қажеттілігі туындап отыр. Бұл мәселе пысықталуда. Биыл тиісті ұсыныстар енгізілетін болады.