14.04.2021 _ 15:50

Қазақстан екі апта бойы қызыл аймақта тұр – М. Шоранов

Қазақстанда 14 сәуірдегі жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 276 054 науқас және КВИ-мен 51 539 жағдай тіркелді. КВИ+ бар 237 446 және КВИ- 50 304 науқас сауығып кетті. Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан 14 күн бойы жоғары қауіп аймағында, яғни қызыл аймақта тұр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.
Қазақстан екі апта бойы қызыл аймақта тұр – М. Шоранов иллюстративное фото с сайта kt.kz

Сондай-ақ тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақта) 8 өңір бар: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстары. Бұл ретте Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары қызыл аймақта бір айдан бері бар, Батыс Қазақстан облысы - 24 күн, Атырау облысы – 3 апта, Ақтөбе және Алматы қалалары – 2 апта, Ақмола – 9 күн, Қарағанды – 8 күн. Орташа тәуекел аймағына (сары аймаққа) өткен аптада 4 өңір ауысты, бүгінде 7 өңір сары аймақта: Шымкент қаласы, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары. Жасыл аймақта - Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары.


«Ағымдағы жылдың сәуір айында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны байқалады, сәуір айынан бастап 29 200 науқас тіркелді, наурыздың сәйкес мерзімімен салыстырғанда сырқаттанушылық 2,8 есеге өскен, тәулігіне 2800 науқас тіркеледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Бұл ретте ел бойынша сырқаттанушылықтың 60%-ы 3 өңірге – Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі», - деді М.Шоранов.


Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, барлық өңірлерде әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлеріне сәйкес қосымша шектеу шаралары қабылдануда.