14.04.2021 _ 11:50

Вакцина әзірлеу – ортақ міндет. Бұл жұмысқа біздің ведомствоға қарасты биологиялық бейіндегі барлық институттар жұмылдырылды – БҒМ

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық биотехнология орталығының, Микроағзалардың республикалық коллекциясының және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мамандарын еріктілердің талдауларын өңдеу және денсаулық сақтау министрлігіне есеп беру үшін биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ-ға көмек көрсету үшін жіберді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлімдеді.

«Вакцина әзірлеу мәселесі ортақ міндет екенін бәріміз түсінеміз. Бұл жұмысқа біздің ведомствоға қарасты биологиялық бейіндегі институттарымызды жұмылдырдық. БҚПҒЗИ вакцинаның қауіпсіздігі туралы есеп дайындады, ол денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі және вакцинаның тиімділігі туралы есеп дайындайды. Қазіргі кезде еріктілерді клиникалық базаларымызға шақырып, олардан талдау аламыз, оларды өңдеу нәтижелері бойынша түпкілікті деректер көрінетін болады», - деді ведомство өкілі.


Сонымен қатар, ол институт 19 наурызда Британдық және оңтүстік африкалық КВИ штамдарын алғанын айтты. Институт поливалентті вакцина жасауды қолға алды. Бұл деректер отандық жобаны жетілдіру үшін қажет болады.


«Әдетте, поливалентті вакциналар тұмауға қарсы қолданылады. Тұмау үнемі мутацияланып отырады және вакцинаның тиімділігін арттыру үшін үнемі үздік нәтиже іздеу керек. Институт алдына жануарларға арналған COVID-19 қарсы вакцина әзірлеу міндеті қойылды. Жануарлар да осы инфекциядан зардап шегіп, тасымалдаушы бола алады. Сондықтан мұндай да вакцина қажет. Қазақстандықтардан күндіз-түні отандық вакцинаны зерттеумен және әзірлеумен белсенді айналысатын ғалымдарға қолдау көрсетулерін сұраймын», - деді салалық ведомствоның вице-министрі. 


Сонымен қатар, спикер ғалымдардың вакциналардың басқа түрлерімен де жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Олардың бірі – суббірлікті рекомбинантты вакцина – ол клиникалық зерттеу сатысына өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсаты берілгеннен кейін тиісті жұмыс басталады.