15.04.2021 _ 11:45

Су тасқыны жағдайы тұрақты-ТЖМ

Қазақстанда ел аумағының 10%-ында қар жамылғысының қалғаны байқалады. Бұл негізінен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, ішінара Қостанай, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандары. Ақпан айынан бастап Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырыстары, оның ішінде осы мәселе бойынша Үкімет отырысы өтті, онда алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары бойынша нақты іс-шаралар тапсырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің бас құтқарушысы Юрий Ильин хабарлады.
фото с сайта toppress.kz

«Алдын ала жасалған жұмыс, негізінде, бүгінгі күні елді мекендерде су басу қаупі барынша азайтылғанын айтуға мүмкіндік береді. Өткен үш жыл ішінде жүзеге асырылған "Жол картасын" іске асыру жалғасуда. Алдағы үш жылда 217 елді мекенде су басу қаупі толығымен жойылады», - деп сендірді министр.


Оның айтуынша, 46 тұрғын үй су астында қалған. Барлық жұмыстар жүргізілді, су сорылды, тұрғындар өз үйлеріне қайта оралуда. ШҚО-да апта соңына дейін Қарағанды гарнизонынан азаматтық қорғаныс полкі кезекшілік етеді.