16.04.2021 _ 11:45

Мемлекеттік органдар халыққа заң жобалары мен қабылданған заңдардың ережелерін хабарлауға және түсіндіруге міндеттенеді

Заң қоғамды заң шығару процесіне тарту тетіктерін жетілдіріп қана қоймай, бірқатар басқа да маңызды мәселелерді шешеді. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талаптар күшейтіледі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Наталья Пан әрбір әзірленген заң жобасы оны ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасымен сүйемелденетінін жеткізді.
иллюстративное фото с сайта tengrinews.kz

«Бұл бағдарлама азаматтарды алдағы не заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы хабардар етудің тәсілдері мен мерзімдерін ашатын нақты іс-шараларды қамтитын болады. Бұл, мысалы, сұхбат, мақалалар, онлайн-пікірталастар, заң жобасының немесе заңның негізгі ережелерін түсіндіретін бейне материалдар және басқалар болуы мүмкін», - деді ведомство өкілі. 


Осылайша, заң жобаларының немесе заңдардың негізгі ережелерін түсіндіру жүйелі және жоспарлы болады.