20.04.2021 _ 12:04

Еліміздің нотариустары нотариаттық құжаттарға QR-код беретін болады

Мемлекет басшысы Парламент депутаттары бастамашылық еткен нотариат, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы заңдарға қол қойды. Қабылданған түзетулерді жасамас бұрын қолданыстағы заңнама мониторингінің нәтижелері және құқық қолдану практикасына талдау жасалды. Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев ОКҚ өткен брифингте перспектива жайлы баяндады.



Оның айтуынша, келесі жылдан бастап Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде нотариаттық құжаттарды сақтау үшін орталықтандырылған электрондық репозиторийді құру жоспарлануда. Болашақта нотариустар қағаз мұрағатынан бас тартады.

«Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеу кезінде эксаумақтылық енгізіледі. Егер бұрын жылжымайтын мүлікпен жасалан мәмілелер нотариустың орналасқан жері бойынша куәландырылған  болса, енді тараптар оның орналасқан жеріне қарамастан кез-келген нотариусқа жүгіне алады. Бұдан басқа, әрбір нотариаттық іс-әрекетке QR-код беріледі, ол бірегей болып табылады және құжатты бұрмалаудан қорғауды қамтамасыз етеді. Халыққа ыңғайлы болу үшін электрондық құжаттың қағаз құжатқа тең екендігін куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер енгізілді және керісінше, бұл азаматтарға қажетсіз жол жүруден, поштамен және курьерлер арқылы жіберуден құтылуға мүмкіндік береді», - деді спикер.


Сенімхаттың түпнұсқалығын QR-код бойынша смартфондағы қосымшаның көмегімен немесе құжаттың сандық коды бойынша enis.kz сайтында Сервис – Сенімхатты тексеру бөлімінде тексеруге болады. сондай-ақ, өтеулі негізде және нотариаттық іс-әрекеттерге байланысты емес құқықтық сипаттағы басқа да мәселелер бойынша нотариустардың консультацияларын алуға болады.


Сонымен қатар, нотариаттық құпия ұғымы анықталып, оны сақтауға міндетті адамдар тобы құрылды. Шағымдарды республикалық деңгейде қарайтын орган заңды түрде бекітілді. Енді жергілікті жерлердегі тәртіптік комиссиялардың шешімдерімен келіспеген жағдайда азаматтарға жаңадан құрылған органға шағымдануға мүмкіндік берілді.