20.04.2021 _ 12:45

Жүйені жаңарту және заңға тәуелді актілер. Жаңа заңның кейбір нормалары 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Түзетулер блогы «сандық айналым» үшін сенімді құқықтық құрал құруға, электронды түрде қауіпсіз мәмілелерді қорғалған және кедергісіз ортада жасауға мүмкіндік береді. Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілованың айтуынша, бүгінгі нотариаттың үлгісі, бұл белсенді нотариаттың кейіпі. Оның шеңберінде азаматтық айналымдағы барлық қызығушылық танытқан қатысушыларға кешенді заң көмегін көрсету мақсаты қойылады.

«Алайда, жоғарыда аталған қағидалар заңмен кейінге қалдырылатын сипаты бар, олао ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап енгізіледі, ал репозиторийдің орталықтандырылған электрондық жүйесін және нотариустың электрондық мұрағатын құру 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылатын болады. Бұндай кейінге қалдыру амалдары БНАЖ жүйесінде белгілі жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін, сондай-ақ қажетті заңға тәуелді (нормативтік) актілерді әзірлеу және қабылдау қажеттілігіне байланысты болып отыр», - деп түсіндірді спикер.


Заңмен Республикалық нотариаттық палатаның органдары жете реттелген, нотариаттың қызметі туралы интернет ресурстарда қолжетімді ақпараттың тізімі айқындалды, арыздарды қарайтын Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының алқалы, сайланбалы органын құру бекітілді. 
Осылайша қабылданған Заң Қазақстандағы нотариатты сақтауға және азаматтардың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етуге тартылған азаматтық қоғамдағы құнды көп міндетті рөлін арттыруға мүмкіндік береді.