21.04.2021 _ 13:17

Кез келген мәселе бойынша сұрақ. ТКШ қазақстандық орталығы МИБ-ке көшу бойынша ақпаратпен платформалар мен боттарды іске қосты

Заңда және Үкімет қаулысында тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы оператор болып айқындалған «ТКШ қазақстандық орталығы» АҚ заң нормаларын түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді. Әкімдіктердің, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлері де оқытылуда.

Қазіргі кезде ТКШ қазақстандық орталығының zhkh.kz сайты іске қосылды. Онда басқарудың жаңа формаларына көшу бойынша барлық ақпараттық материалдар - буклеттер, кітапшалар, парақшалар, инфографикалар, видеолар бар.

«Басқарудың жаңа нысандарын құру бойынша азаматтардан өтініштердің көптігін ескере отырып, Телеграм бот платформасы іске қосылды, сондай-ақ сұрақтарды Suraqtar.kz платформасына жолдауға болады, сондықтан ТКШ қазақстандық орталығы азаматтарға басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша жан-жақты қолдау көрсетеді», - деп атап өтті АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру шеңберінде оқыту бағдарламасы әзірленді. 394 тыңдаушы оқытылды, оның ішінде ЕҰУ базасында - 89 маман, басқа оқу орталықтарында - 305. КПТҮ-нің 178 басқарушысы сертификаттау орталығында біліктіліктерін растады.

«Басқарудың жаңа нысандарын енгізу әрбір көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтер иелерінің, тұрғын емес үй - жайлардың мүдделерін қорғауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау сапасының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл жалпы тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етеді», - деп тағы да еске салды оператордың өкілі.