21.04.2021 _ 17:43

Қазақстанның 10 өңірі қызыл аймақта – Е.Қиясов

21 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында COVID-19 оң нәтижесімен 294 946 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен 52 025 жағдай тіркелді. КВИ-дің оң нәтижесімен ауырған 252 598 науқас және КВИ-дің теріс нәтижесімен ауырған 50 839 науқас емделді.
Қазақстанның 10 өңірі қызыл аймақта – Е.Қиясов

«Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы 23 күн бойы тәуекелдің жоғары аймағында, яғни қызыл аймақта тұр. Сонымен қатар, 10 өңір тәуекелі жоғары аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстары», - деді Е.Қиясов.

Бүгінгі күні тәуекелдің орташа аймағында Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстары орналасқан. Жасыл аймақта 3 аумақ: Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары ғана бар.