ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаеваның сөзінше, вакцинаның 1-ші және 2-ші компонентін алу интервалы өндірушінің ғылыми тұрғыда жүргізген жұмыстарының нәтижесінде белгіленеді.
«Бастапқыда вакцинаның 1-ші және 2-ші компоненттін алудың арасында 21 күн өтуі тиіс болатын, егер белгілі бір себептермен 21 күннен кейін алуға мүмкіндік болмаса, қосымша 7 күн уақыт берілген болатын. Алайда, Ресей мемлекетінен келген қосымша ғылыми мәліметтерге сүйенсек, вакцинаның 2-ші компонентін 21 күннен 60 күнге дейінгі аралықта алуға болады. Бұл вакцинаның сапасына еш әсер етпейді және ғылыми тұрғыда дәлелденген мәселе. Екпенің тиімдлігі сақталады, адамның ағзасы 60 күнге дейін вирусқа қарсы тұра алады, 21 күн мен 60 күннің арасында айырмашылық жоқ екені дәлелденді», - деді А.Қуатбаева.
Дегенмен, спикер вакцинаның 2-ші компонентін 21 күнге дейін алып үлгеруге тырысу қажет екендігін атап өтті.