22.04.2021 _ 15:40

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 4 мамырда басталады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлімдеді.

«Негізгі дайындық жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылы стипендиялар үш кезеңде - маусым, тамыз және қараша айларында тағайындалады. Бағдарламаның өзіндік ерекшелігі -стипендиялар үш тағайындауға бөлінеді. Барлық оқуға түсушілерді толғандыратын конкурсқа арналған басты құжаттардың бірі бағдарлама бойынша оқуға бағдарл алуға болатын басым мамандықтар тізімі болып табылады. Өткен жылы стипендия тағайындау ережелеріне іріктеу процесіне және тиісінше «Болашақ» конкурсына өтініш беруге қатысты өзгерістер енгізілді. Енді мамандықтар, магистратура және докторантура бойынша оқуға түсушілердің барлығы тізімде көрсетілген шетелдік үздік жоғары оқу орындарына өз бетінше түсуге тиіс. Соның қорытындысы бойынша стипендия тағайындау үшін құжаттар тапсыруға болады», - деп атап өтті ведомство өкілі.


Тізім бірнеше күн бұрын қоғам қайраткерлері, білім және ғылым саласындағы сарапшылар енген республикалық комиссия отырысында қаралып, бекітілді.