26.04.2021 _ 11:50

Ұлттық ұлан жауынгерлерінің арқасында көше қылмысы екі есеге азайды

Ұлттық Ұлан Ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған. Заңмен 9 міндет жүктелген. Бүгінде 12 стратегиялық және 3 аса маңызды мемлекеттік объектілерді күзету; қылмыстық-атқару жүйесінің 42 мекемесі; сотталғандар мен қамауға алынған адамдарды темір жол және автомобиль көлігімен қарауылда жүзеге асырылуда; жоғарғы және әскери соттардың отырыстары қамтамасыз етіледі.
Иллюстративное фото с сайта liter.kz

«Жеке құрам еліміздің 19 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз етеді, нәтижесінде, өткен жылы көше қылмысы 52,2% азайды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ұландық әскери жасақтармен 3761 құқық бұзушы құрықталған. Оның ішінде 276 адам қылмыстық белгілерге қатысы бар дерекпен ұсталған. Сонымен бірге 25 дана суық және атыс қаруы тәркіленді. Мемлекет пайдасына 2 млн теңге мөлшерінде айыппұл өндіріп алынды», - деп мәлімдеді ҚР Ұлттық ұлан Әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде.


Ол сондай-ақ Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуынсыз бірде-бір ірі халықаралық, қоғамдық-саяси, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілмейтінін атап өтті.


Бұл тізімде V Астана экономикалық форумы, Әлемдік діндер көшбасшыларының съездері, 2010 жылғы ЕҚЫҰ Саммиті, 2011 жылғы Азия ойындары және т.б. бар.