Мерзімді қызметтегі сарбаздар әскерде қабілеттерін шыңдап, тәжірибе жинап, болашақ өмірге жолдама алып, мамандықтарға ие болып, әскери қызметтен кейін түрлі жұмыс орындарынан ұсыныстар алатынын атап өткім келеді.
«27 жасқа дейінгі жастарды келісімшарт бойынша қызмет етуге шақырамыз. Ұлттық ұланда әскери қызмет кезеңінде келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге жеке басын жан-жақты дамыту, дене шынықтыру және кәсіби даярлық үшін қажетті жағдайлар жасалған. Әскери қызметшілерге де, олардың отбасы мүшелеріне де әлеуметтік жеңілдіктер мен құқықтарды көздейтін әлеуметтік пакет бар. Әскери қызметшілер толық мемлекеттік қамсыздандыруда және медициналық сақтандыруда болады. Ақшалай қаражат уақытылы төленеді, азық-түлік үлесімен және заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі. Әскери қызметшілердің тұрғын үй мәселесі шешілді, тұрғын үйді жалға алғаны үшін ақшалай өтемақы төлеу қарастырылған», - деп атап өтті спикер.
Ол сондай-ақ өткен жылы 500-ден астам сарбаз келісімшарт бойынша әскери қызметте қалғанын атап өтті. Ал запасқа шығарылған 2 мыңнан астам адамға полицияда қызмет ету үшін ұсынымдар берілді.
Айта кетейік, 24 жасқа дейінгі мерзімді қызметтегі сарбаздарың алты ай қызмет еткеннен кейін Ұлттық ұланның Петропавлдағы Әскери институтына оқуға түсе алады. Оның түлектері тек Ұлттық ұлан қатарында ғана емес, Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелерінде, сондай-ақ күштік құрылымдардың кейбір бөлімшелерінде қызмет етеді.
Институт базасында Ресей, Түркия және Қытай жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлер де жасақталады.