05.05.2021 _ 13:00

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 60 өрт және 445 жану тіркелді

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өрт қауіпті кезең басталғаннан бері орман қоры аумағында 60 өрт, жалпы көлемі 16,7 мың гектар және дала алқаптарының 445 жануы тіркелді, ауданы - шамамен 3 мың га. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов осындай мәліметтерді жария етті.

Жалыны тұрғын алқаптарға өтіп жатқан, елді мекен аумақтарындағы құрғақ шөп өрттері ерекше алаңдаушылық туғызады.

«2021 жылғы 26 сәуір мен 3 мамыр аралығында құрғақ шөптің жануы тұрғын үйлерге, жазғы сауықтыру лагерлерінің ғимараттарына, саяжай және шаруашылық құрылыстарына таралған 4 оқиға тіркелді. 1-2 мамырда Павлодар қаласында бау-бақша қоғамдарындағы саяжай қоғамдарының аумақтарында құрғақ шөптің жануының 2 оқиғасы орын алды. Салдарынан 5 саяжай толығымен жойылып, 7 саяжай ішінара бүлінген. 2 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Желяково ауылында құрғақ шөп өртеніп, кейін жалын жеке тұрғын үй секторындағы 6 үйге таралды. Сол күні Қызылжар ауданындағы «Сосновый бор» балалар сауықтыру лагерінің аумағында құрғақ шөп өртеніп, кейіннен жалын демалушылар тұратын корпусқа таралған. 2 мамырда Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқа ауданында құрғақ шөп өртеніп, жалын тұрғын үйге таралған, сондай-ақ өрт салдарынан жеңіл автокөлік жойылды», - деді спикер.