05.05.2021 _ 17:30

Қолдан жасау мүмкін емес. Қатаң жауапқа тартылады. Денсаулық сақтау министрі жалған вакцинация паспорты туралы

Жалған вакцинация паспортын сатудың алғашқы әрекеті қылмыстық жауапқа тартылумен аяқталды. Бұл жағдай дерекқорды қорғауды күшейтуге себеп болды ма? «Ақпарат түскеннен кейін мен Алматы қаласының әкімдігімен байланысқа шықтым, таңертең бұл жағдай бақылауға алынды, күш құрылымдарымен жұмыс істеп, қамауға алу жүргізілді...», - деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына берген жауабында.
иллюстративное фото с сайта kazinform.kz

Оның айтуынша, медициналық ұйымға жеткізілген дозалар санына салыстыру жүргізіледі, нақты қанша, ақпараттық жүйеде қанша, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде сұраныс пен ұсыныс бойынша мониторинг жүргізіледі. Аппараттық ден қою шараларынан басқа, күштік құрылымдармен бірлесіп ден қою шаралары да бар. 


«Қатаң жауапқа тартылады, біз барлық медицина қызметкерлеріне бұл қылмыстық жаза екендігін ескерттік, кез келген азамат, дәрігер болсын, оның жанындағы біреу болсын: бұл жерде заң қатал болатынын түсінуі керек. Бәрі жазаланады, бәрін анықтаймыз, мұның бәрі нақты дәлелденеді, өйткені ақпараттық жүйеде әр доза көрінеді. Егер мұндай жағдай орын алса, қылмыстық жаза қолданылады. Біз жағдайды бақылап, ерекше бақылауда ұстаймыз», - деп атап өтті Цой.