05.05.2021 _ 19:15

«Ashyq» қосымшасына басқа нысандарды қосу мүмкіндігі қарастырылуда

Денсаулық сақтау министрі бүгін Apple Store-дан «жоғалып кеткен» «Ashyq» қосымшасына қатысты жағдайға түсініктеме берді. Ол әзірлеушілерді қолдады. Техникалық ақау жақын күндері жойылуы керек. Бірақ мұндай бұзушылық бизнес нысандарына әсер етпейді. Керісінше, кез келген жаңашылдық сервистерді дамытуға, эволюцияға итермелейді.
иллюстративное фото с сайта newtimes.kz


«Бұл бағдарламаны жүктеп алғандар оны бұрынғыдай пайдалана алады. Бұл ретте «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейтін ұйымдарға барғысы келетін азаматтар жеке куәлігімен өзінің ЖСН-ін ұсына алады. «Күзетші режимі» функциясы бар, ол ЖСН арқылы КВИ нәтижесі оң-теріс екенін білуге мүмкіндік береді. Яғни, бұл функция жұмыс істеп тұр. Бұл осы ұйымдарға кіруге кедергі келтірмейді», - деді Алексей Цой.


Қосымшаның көрнекі жұмысына мысал ретінде министр көрсеткіштерге тоқталды: қызыл мәртебесі бар 900 адам індетті басқаларға жұқтыруы мүмкін екенін біле тұра, СОО, кино және мейрамханаларда жүрген. Науқастармен тығыз байланыста болған мәртебесі «сары» тағы 500 адам анықталған. 


Сондықтан қазіргі кезде Денсаулық сақтау министрлігі мен «Атамекен» ҰКП бизнестің басқа түрлерін іздеп, жалпы, тиімді қосымшаны қолдану аясын кеңейтуде.