06.05.2021 _ 09:40

Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі

Жүйе 2014 жылдан бастап жұмыс істейді, жер қойнауын пайдаланушылар үшін есептілікті ұсыну құралы болып табылады. Сондай-ақ, бұл жүйеде лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуына мониторинг жүзеге асырылады және мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу бойынша жедел ақпарат жиналады.
Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі

Бүгінгі таңда БМБЖ-да 147 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген.


Министрліктің 3 мемлекеттік қызметі автоматтандырылды: жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы; көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасасу (қол қою); көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу (қол қою).


Энергетика вице-министрі Жанат Жахметованың айтуынша, аталған жоба аясында ведомствоның кейбір функцияларын автоматтандыру көзделген. Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жоспары мен кестесі автоматтандырылды, 2018 жылға дейін жасалған қолданыстағы келісімшарттар мен оларға толықтырулар цифрландырылды. Бұл лицензиялық-келісімшарттық шарттар міндеттемелерінің орындалуын мониторингтеуге мүмкіндік береді.


Алдағы уақытта есептілікті электрондық форматқа толық көшіру міндеті тұр.