06.05.2021 _ 15:39

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлер мен қарттардың медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұруына мониторинг жүргізу көзделген

5 мыңнан астам қарт азаматтарға қызмет көрсететін 50 ЖӨБ тексеру жоспары бекітілді. Барлық 17 өңірде құрылған мониторингтік топтар ардагерлер мен қарт адамдардың тұру жағдайларын тексеруді жүзеге асыратын болады. Тексеру қорытындылары қыркүйекке қарай қарттар үйінде тұру жағдайларын жақсарту жөнінде шаралар әзірлеуге және заңнамаға өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді

Оның айтуынша, жүргізілген түгендеу орташа және күрделі жөндеуді бастауға мүмкіндік береді. Тексерулер жоспарына сәйкес мониторингтік топтардың жұмысы ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады.