12.05.2021 _ 16:00

Қор халықтан денсаулық сақтау мәселелері бойынша 250 мың өтініш қабылдап, өңдеді – ӘМСҚ басшысы

«Қор жұмысының басты бағыттарының бірі - халықпен кері байланыс орнату және пациенттердің құқықтарын қорғау. Біздің қызметтеріміз шағымдарды, сұрақтар мен ұсыныстарды өңдеуге қабылдай отырып, халыққа білікті ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету», - деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ӘМСҚ басшысы Болат Төкежанов.


Қорға халықтан сұрақтар мен шағымдар түсуді жалғастыруда. 1406 колл - орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz сайты, Telegram қосымшасындағы Saqtandyry-Bot сияқты Қордың ресми кері байланыс арналары, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрінің блогы мен Денсаулық сақтау министрлігінің сайты арқылы 250 мыңнан астам өтініш келіп түсті.


Ол түсіндірулер мен консультацияларды талап ететін мәселелер бұрынғысынша басым екенін нақтылады - бұл 233 мың өтініш. Бұл ретте халықтың Қордың жеткізуші медициналық ұйымдарындағы көмектің сапасы мен қолжетімділігіне шағым беру үрдісі сақталуда. 


«ТОП-5 шағым медициналық көмек көрсетуден бас тарту (35,7%), көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы (20,3%), ақылы негізде ТМККК және МӘМС кіретін қызметтерді алуға жолдау (10,7%), ақпараттық жүйелерде нақты көрсетілмеген қызметтерді анықтау  (10,6%), дәрілік препараттармен қамтамасыз етуден бас тарту (8,5%) мәселелерін құрайды», - деді Төкежанов статистикалық мәліметтерге тоқтала отырып.


Қор басшысының пікірінше, медициналық ұйымдардың өзінде пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтерінің жұмысын жолға қою, өзінің бекітілген халқының мұқтаждықтарына жауапкершілікпен қарауы қажет. Бүгінгі таңда пациенттер өз медициналық ұйымдарында тиесілі көмек ала алмағандықтан Қорға, Денсаулық сақтау министрлігіне немесе Денсаулық сақтау басқармасына жүгіну арқылы өз құқықтарын қорғауға мәжбүр.