13.05.2021 _ 11:40

Әсет Тұрысов: «Ashyq» қосымшасын миллионнан астам қазақстандық пайдаланады

«Ashyq» жобасы іске қосылған сәттен бастап (2021 жылғы 17 қаңтардан бастап) «қызыл» мәртебесі бар анықталған пайдаланушылардың жалпы саны 1749, «сары» пайдаланушылар - 1268. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді.

«Ағымдағы жылдың 26 сәуірінен бастап «Ashyq» жобасы барлық өңірлерге таралды. Бұл үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталары қосымшаны әзірлеушілермен бірлесіп, бизнес өкілдерін оқытуды жүргізеді, қосымшаның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қосымшаның қуаты ұлғайтылды. Ағымдағы жылдың 12 мамырына қатысушылар саны 1 103 505 пайдаланушыны құрайды», - деп атап өтті А.Тұрысов.


Республика бойынша «Ashyq» бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 мыңнан асты. Қазіргі уақытта «ASHYQ» қосымшасын өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еріктілер ретінде пайдаланғысы келетін бизнес субъектілерінен өтініштер саны артып келеді.