14.05.2021 _ 12:10

Мәдениет министрі: «Балалар әдебиеті жылы» шеңберіндегі шаралар бес жылға жоспарланған

Мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылды «Балалар әдебиеті жылы» деп жариялады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер ведомство басшысынан осы бес айда қандай шаралар атқарылғандығы туралы сұрады. Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, республикалық іс-шаралар жоспары бойынша бірнеше шара өткізілді. Оның ішінде конференциялар, шеберлік-сыныптары, кітапханашыларға арналған семинарлар бар.

«Сондай-ақ Рухани қазына-2021» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің IV фестивалі аясында биыл бірнеше шеберлік класстар ұйымдастырылады. Жас жазушыларға және балаларға арналған шығармалар жазып жүрген жазушылар арасында байқау жарияланды. Жыл сайын шығарылатын кітаптардың 50 пайыздан астамы балаларға арналған кітаптар құрайды», - деді министр өз жауабында. 


Бұл ретте А.Райымқұлова бұл жұмыстың биылғы жылмен шектелмей, алдағы 4-5 жыл арасында жүйелі шараларды жүзеге асырумен жалғасатынын атап өтті.